«Орда» тобының әншісі отау құрды (фото)
Опубликовано:
Танымал «Орда» тобының әншісі Нұрлан Алымбеков 4 қазан күні отау құрды. Оның тойында ұл жолдас қызметін «Орда» тобының тағы бір мүшесі Есболат Беделхан атқарды деп хабарлады neke.kz.
Жас жұбайлар Қырғызстанда танысқан. Қалыңдықтың есімі — Назира, қырғыз елінің қызы. Сонымен қатар Нұрланның қалыңдығының Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істейтіні белгілі болды.
1976 жылы Бішкекте туылған әнші суретші-құрылысшы мамандығы бойынша білім алған. «Орда» тобына дейін Нұрлан Алымбеков «Бангор» тобында ән салған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/913113-orda-tobynynh-anshisi-otau-qurdy-foto/