Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Спорт әлемінен шоу-бизнеске бет бұрған отандық жұлдыздар

Опубликовано:

Қазақстандық жұлдыздардың кейбірі әртіс қана емес, дәрежесі жоғары спортшы екенін жанкүйерлер біле бермейді. Бір кездері эстрада өкілдері музыка үшін емес, спорттық мансабын қуу мақсатында алаңға шыққан.

NUR.KZ  спортпен кәсіби түрде шұғылданған қазақстандық өнер жұлдыздарының тізімін ұсынады.

Әлішер Егембердиев спортшылар отбасында дүниеге келген және өз өмірін спортқа бағыштамақ болған. Ол кикбоксингтен жастар арасында Қазақстан чемпионатының бес дүркін жеңімпазы және екі рет ересектер арасында әлем чемпионы болған. Дарындыларды саралайтын отандық"Жұлдыздар фабрикасы" шоуына қатысу барысында Әлішер ақтық мәреге жетіп, кейіннен байқауда топ жарған. Шығармашылық жеңісі жас жігіттің тағдырын түбегейлі өзгертіп, музыкалық мансабының алғашқы баспалдағына айналады. Қазір Әлішер "Жұлдыздар фабрикасының" өзге қатысушыларынан құралған The Jigits бойз-бэндінің қатарында ән айтады.

Әбділкәрім Кәрімов X Factor  жобасына қатысудан бұрын кәсіби футболшы болған. Спорттық мансабында әртіс "Қазақмыс", "Қайрат", "Жетісу" және "Каспий" командаларының қақпашысы болып үлгерген.

Ақтаулық рэп орындаушысы Биг Сом бала кезінен баскетбол ойнағанды ұнатқан. Сүйікті ойынына аса жауапкершілікпен қараған рэпер біршама уақыт бұрын жоғарғы санаттағы  Қазақстан құрамасының атынан өнер көрсетті. Қазір де музыкант спортқа көп уақытын арнайды. Жеті жыл бойы Биг Сом Маңғыстау облысы баскетбол федерациясының директоры қызметін атқарып келеді және Қазақстан стритбол одағының бас хатшысы болып жұмыс істейді.

Дастан Оразбеков жастайынан күреспен және бокспен айналысқан. Бозбала ән айтып, би билеуді де әуес көрген. Есейгенде Дастанның музыка саласын таңдап, Orda тобының мүшесі болғаны бүгінде баршаға аян. Десе де, Дастан әркез спортпен шұғылданғанды жақсы көреді. Сахнаға дайындайтын би қимылдары мен уақытылы жасайтын дене жаттығулары Дастанның өзін ширақ сезінуіне септігін тигізеді.

"Жау Жүрек Мың Бала" фильміне актерлерді іріктеу кезінде Асылхан Төлепов  актерлік шеберлігін көрсетіп қана қоймай, спорттық көрсеткіштерін де жұрт алдында паш етті. Соның арқасында әртіс басты рөлге тағайындалған болатын. Қазірде каратэден қара белбеу иегері кәсіби каскадерлердің тобында еңбек етеді.

Mysterions тобының қатысушылары Арман Коңырбаев пен Дильен "Қайрат" футбол клубының қорғаушысы және жартылай қорғаушысы болған. Әртіс жігіттер спорттық мансабын Марк Гурман, Жамбыл Көкеев және Бауыржан Жолшиев секілді отандық футбол жұлдыздарымен бірге бастаған. Топтың тағы бір солисі Ілияс та футболмен кәсіби түрде айналысқан. Ол бір кездері "Цесна" командасының шабуылына қан жүгірткен екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/920744-sport-aleminen-shou-bizneske-bet-burgha/