RU

Әйгілі «Агент 007» фильмі қазақша сөйлейтін болды

 Ғаламторда «Агент 007» блокбастерінің ресми трейлері шықты. Ағылшындық әйгілі агент Джеймс Бонд туралы фильм қазақ тіліне аударылған 12-ші туынды, деп хабарлайды Астана арнасы.

Бондтың даусын салу актер Ержан Жарылқасымовқа жүктелген. Экшнның өзге кейіпкерлерін Азамат Қанапия, Күнсұлу Шаяхметова және Самат Қордабаев дыбыстайды.

Ал дубляждың режиссері Айжан Жамшитова бұған дейін «Малефисента», «Өрмекші адам» және «Күлшеқыз» сынды голливуд туындыларын қазақша сөйлеткен еді.

Дубляж жұмыстары қараша айында толығымен аяқталмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/936226-aygili-agent-007-filmi-qazaqsha-soyley/