RU

Мақпал Исабекова шұрық-тесік киімін ел назарына саламын деп сынның астында қалды

Танымал әнші Мақапал Исабекова шұрық-тесік киімін ел назарына саламын деп сынның астында қалды.

Өзінің Instagram парақшасында фотоларымен жиі бөлісіп отыратын жұлдыз осы жолы да өзінің "сәнді киімімен" түскен фотосын көпшілікке жария етті. Алайда оны көргендердің дені бұл киімін ұнатпай қалған сыңайлы.

Пікір қалдырушылардың көбі қазақ әншісіне мұндай ашық киім жараспайды деген ойда. Олар қасындағы құрбысы Аша Матайдан үлгі алып, жарасымды жабық киімдер киюге кеңес берді.

Десек те Мақпалдың бұлай киінгенінде тұрған ештеңе жоқ деп санайтындар да баршылық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/941253-maqpal-isabekova-shuryq-tesik-kiimin-e/