Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айгүл Елшібаева Мейрамбек Беспаевты туған күнімен ерекше құттықтады

Опубликовано:

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева өзінің Instagram желісінде танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың туған күніне орай оның 21 жыл бұрынғы суретін жариялады.

«Бұл 1994-тің күзі еді. Осыдан 21 жыл бұрын болған Мейрамбектің туған күнінен естелік. Төбелерінде мақтамен жазылған 18 жас деген жазу болатын. Ардақ «Тырналар» əнін, мен бір термемді арнап айттық. Графинде «Юпи» сүйікті согымыз болатын. Колбасада халал деген жазу жазылмайтын. Туған күн жақсы өтті. Ол кезде, түбiт мұрттары тебiндеп келе жатқан, қазаққа танымал достарым, қарашада 18 жасын тойлаған едi. Ұлан-асыр той болмаса да, тамаша туған күн болды. Биыл 21 жыл толыпты, көңiл деген қартаймайтын көк дөненге мiнiп, тарта берiңдер. Менiң көңілiме осы бейнелерiң жақын», - дейді Елшібаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/949166-aygul-elshibaeva-meyrambek-bespaevty/

pixel