Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атақты Beatles тобының бесінші мүшесі өмірден озды

Опубликовано:

Американың Нью-Джерси штатында атақты британдық The Beatles рок-тобының дебюттік Love Me синглын жазуға атсалысқан барабаншы Энди Уайт қайтыс болды. Reuters-тің хабарлауынша, шотландтық музыкантты «бесінші битл» деп те атаған.

Уайт дүйсенбі күні, 9 қарашада Колдуэлл қаласындағы жеке үйінде көз жұмған. BBC News ақпаратына сәйкес, 85 жастағы музыканттың қазасына жақында алған инсульт себеп болуы мүмкін.

Энди Уайт Глазго қаласында 1930 жылы 27 шілдеде дүниеге келген, деп жазады The Telegraph. 1962 жылы ол Love Me Do және P.S. I Love You әндерін жазу үшін барабаншы ретінде шақыртылған. Осы жылдың қыркүйегінде Энди Лондондағы Abbey Road студиясына келіп, шамамен үш сағат өткізеді. Осы қызметі үшін ол 5 фунт стерлинг алған. Сондай-ақ Уайт британдық рок-топтың Please Please Me (1963 жыл) атты дебюттік альбомын жазуға көмектесті деген мәлімет бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/953999-ataqty-beatles-tobynynh-besinshi-mushesi-omird/

pixel