RU

Қазақ жігіті мен қырғыз қызының махаббаты бейнеленген қазақстандық фильм азиялық «Оскарға» жолдама алды

Қазақстандық «Күрке» фильмі әлемдік деңгейдегі кинофестивальдердің бас жүлдесіне ұсынылды деп хабарлайды Астана арнасы.

«Күрке» деп аталатын арт-хаус жанрындағы көркем фильм Австралияда өтетін «Азиялық Оскар» дәрежесіндегі өнер байқауының шорт-парақшасына енген.

Картина бұған дейінде ТМД, Еуропа және Азия елдерінде бірнеше кинобайқауларда үздіктер қатарынан табылған. Фильмге қазақ жігіті Сапар мен қырғыз қызы Айшүрек арасындағы ғашықтық сезім арқау болған. Мал бағып жүріп танысқан екі жастың күрке ішіндегі өмірі шебер суреттеледі.

Картинаның табиғаты ерекше. Фильм көрерменді үнсіз отырып күлдіреді, үнсіз отырып ойға батырады, - дейді режиссер. Фильм қазақстандық көрермен назарына келесі жылдың басында ұсынылады.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/956227-qazaqstandyq-kurke-korkem-filmi/