Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық оқушының бейнебаяны ресейлік хит-парадқа енді

Опубликовано:

Алматы қаласының оқушысы Мария Русаневич ресейлік композитор, продюсер Игорь Крутойдың екі бірдей жобасына қатысып, бейнебаянымен ресейлік хит-парадқа енді деп жазады stan.kz.

“Тансари” атты жасөспірімдер музыкалық-шоу театрының әртістері Мәскеуде өткен танымал музыкант Игорь Крутойдың халықаралық кездесуінен келді.

Театардың жетекшісі Дина Смаилова интернет-парақшасындағы жазбасында Маша Русаневичтың “Детская песенька года” жобасына грузиндік автор Мария Ликликадзенің арнайы жазған Final destination әнімен қатысып, іріктеу кезеңінен өткені айтылған.

Және «Карусель» телеканалында өтетін «Горячая десяточка» балалар хит-парадына бұл әннің бейнебаяны түсті. Клипте Алисаның ғажайыптар елінде жүргені ойналады. Бұл Машаның екінші жеңісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/957875-qazaqstandyq-oqushynynh-beynebayany-re/

pixel