Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік әнші Сати Казанова қазақша ән шырқап берді

Опубликовано:

Ресейлік танымал әнші, "Фабрика" тобының бұрынғы мүшесі Сати Казанова қазақ тілінде ән салып берді.

ТНТ арнасынан көрсетілетін "Comedy club" шоуында жүргізушілер "МузТВ" арнасының директоры Арман Даулетияровқа қазақша ән салуды өтінеді. Алайда, ол қазақ тілінде әнді шырқай алмайтынын айтқан.

Осыдан соң, дереу Сати Казанова Арсениуммен бірге айтатын "До рассвета" әнінің қазақша нұсқасын шырқай жөнелді.

Еске сала кетейік, аталған әнді Астанада өткен "МузТВ" жүлдесінде Казанова Мөлдір Әуелбековамен бірге айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/957979-reseylik-anshi-sati-kazanova-qazaqsha/