Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақша ән шырқаған шетелдік жұлдыздар кімдер?

Опубликовано:

Соңғы уақытта өзге ұлт өкілдерінің сахнада қазақша ән айтуы сәнге айналды. Қазақ тілінің әуезділігін шетелдік жұлдыздар да сезініп, шығармашылығына молынан пайдаланып  жүр. Әртістер бірде халық әндерін шырқаса, бірде жүректен шыққан өз әндерін орындайды.

Қазақ тілінде ән шырқаған шетелдік жұлдыздарды Ztb.kz-ке сілтеп NUR.KZ назарларыңызға ұсынады.

Сати Казанова Астанада өткен "МУЗ-ТВ 2015" музыкалық марапаттау рәсімінде "До рассвета" әнін қазақ тілінде орындап, көрермендерді бір қуантқан еді. Ал жуырда ресейлік әнші "Comedy Club" бағдарламасында сол әннің бірнеше жолын шырқап берді.

Сергей Приказчиков "МУЗ-ТВ 2015" кешіне дайындық кезінде "Той жыры" әнінің бір үзігін орындап, бейнежазбаны Instagram парақшасына жүктеген.

Ал қытайлық өнерпаз "Қарлығаш" әнін қазақша басынан аяғына дейін айтып шыққан.

Тағы бір қытайлық ару "KeшYou" тобының белгілі әнін шырқап, байқауда бірінші орынды иеленген.

Ал мына шетелдік әртіс әнді қазақ тілінде айнытпай орындап, жұртшылықтың таңданысын туғызды.

Нигериялық өнерпаз Rich D Алматы жайында қазақша ән тербеді. Өнерпаз бұл туындысына бейнебаян түсіріп, тойға шығып, ел алдында өнер көрсетті.

Малайзия өкілі Лилиан "Сен" әнін тебірене орындаған болатын.

Өзбек әншісі Шахзода "Аяла" әнін қазақша шырқады. Әннің авторы - отандық белгілі ақын әрі сазгер Медет Салықов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/964799-qazaqsha-shyrqaghan-sheteldik-zhuldyzd/

pixel