Отандық әнші жүктілік кезінде танымал күйеуінің оған қол көтергенін ашық айтты
Опубликовано:
Белгілі әнші Ерке Есмахан жеке өмірі жайлы біраз әңгіменің басына нүкте қойды. Әртіс бұрынғы күйеуі, танымал тележүргізуші Асхат Садырбайдың оған жүкті кезінде қол көтергенін де жасырмай айтты.
Ерке Есмахан шаңырағының шайқалуына өзара түсініспеушіліктің түрткі болғанын алға тартады.
Бақыттың құшағында жүрген Ерке ғашығымен үйленуге бір ай таныстықтан соң келісімін берген. Тіпті тойдан кейін ауылға барып, от жағып, аула да сыпырған. Біршама уақыттан соң, ерлі-зайыптылардың арасында ұрыс-керіс көбейіп, арты жанжалға ұласқан. Әнші тіпті жүктілік кезінде жарының оған бірнеше рет қол көтергенін "Сырласу" бағдарламасында ашық баяндады.
"Үстел үстінде бірге тамақ ішпек түгілі, бір-бірімізді көргіміз келмейтін кездер көп болды. Тіпті бала үшін де бірге тұра алмадық", - дейді Ерке әңгіме барысында.
Кейіннен ажырасуға бел буған әнші жалғызбасты ана болудан қорықпаған. Ата-анасы мен туыстарының қолдауына сүйенген Ерке қазірде үшінші рет отау құрған Асхатпен айырылысқанына еш өкінбейді.
"Асхат маған берген сыйлықтарының бәрін қайтарып алды. Алқа, сақиналарының бәрін жинап әкетті. Сондықтан, мен оған жаңа жұбайлық өмірінде ұсақтық танытпай, "ер" деген атына нұқсан келтірмеуін тіледім", - дейді әртіс.
Асхат Садырбай бірінші сәтсіз некесінен кейін ауылдың қызын алуға бел буған. Шымкенттік бойжеткенмен бас қосқан тележүргізуші көп ұзамай бақыт құсын тағы да қолынан ұшырып алады. Еркенің пікірінше, бұған Асхаттың мінезі себеп болған. Осыдан соң, тауы шағылған тележүргізуші Ерке Есмаханмен қайта қосылғысы да келген. Бірақ, әнші бұрынғы күйеуінің өзгермегенін көріп, мұндай ұсыныстан бас тартқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/966457-otandyq-anshi-zhuktilik-kezinde-tanyma/