Қазақстандық танымал тұлғалар "Нұр Отан" партиясының қатарына қосылды
Опубликовано:
Қазақстандық танымал тұлғалар Жүрсін Ерман, Маржан Арапбаева және Самат Смақов «Нұр Отан» партиясының қатарына қосылды.
Сондай-ақ, бұл қатарға белгілі ақын Серік Ақсұңқарұлы, жас ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин, көсемсөзші Ауыт Мұқибек, футболдан қақпашы Давид Лория да кірген.
"Түйе балуан" жарысының жеңімпазы Жұманазар Ерсұлтан, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрлан Керімбаев, актер Нұркен Өтеуілов, Global Eagles компаниясының бас директоры Дастан Нүскенов те "Нұр Отан" мүшесі атанды.
Партияға қосылғандардың ішінде БАҚ өкілдері де бар. «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының бас директоры Уәли Қыдыр мен «Қазақстан» ұлттық телеарнасы шығармашылық бірлестігінің редактор-жүргізушісі Ирина Тенге партия билеті табыс етілді.
Айта кетейік, Тұңғыш президент күні қарсаңында Қазақстанның барлық өңірінде партия қатарына қабылдау салтанаты өтіп жатыр. Қазіргі уақытта «Нұр Отанға» барлығы 868 мыңнан астам адам мүше болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/968228-qazaqstandyq-tanymal-tulghalar-nur-ot/