RU

Шетелдік басылым қазақ киносында жұмыс істейтін үздік режиссерлерді атады

Шетелдік Calvertjournal басылымы қазақ киносында жұмыс істейтін 5 үздік режиссерді атады. Оның құрған тізімінде Дәрежан Өмірбаев алғашқы орында тұр.

"Қазақстан киноиндустриясы халықаралық деңгейде төмен жағдайда болғанымен, кей авторлық қазақ фильмдері назар аударуға тұрарлық. Мәселен француздар қаржыландырған 1980 жылдардың аяғындағы Рашид Нұғмановтың фильмдерін атауға болады", - деп жазған басылым.

Сонымен шетелдіктердің пікірнше, үздік қазақ режиссерлері келесілер:

Дәрежан Өмірбаев

Шетелдіктер оны тек өз елінде ғана емес, шетелде де таптырмас режиссер санайды екен. Оның туындыларын еуропалық киноматография майталмандары Михаэль Ханеке мен Брюно Дюмонға қатты ұқсатып жатады.

1998 жылы түсірілген "Жалшы" фильмімен Өмірбаев әлем назарына ілігіп, Каннан жүлделі оралған.

Жанна Исабаева

Жанна Исабаева қазақстандық режиссерлер арасында жетістікке жете білген нәзік жанды режиссер. Оның 2007 жылғы "Қарой", 2013 жылғы "Нағима" фильмдері шетелдіктердің көңілінен шыққан.

Нариман Түребаев

Түребаевтың "Оқиға" фильмін шетелдіктер 1980-1990 жылдардағы америкалық тәуелсіз фильмдерімен теңестірген.

Әсіресе Джим Джармуша немесе Хал Хартлидің алғашқы туындыларына жақын деп санайды басылым. Режиссердің "Кішкентай адамдар" (2003 ж.) және "Шуақты күндер" (2011 ж.) фильмі де жоғары бағаға ие болған.

Эмир Байғазин

"31 жастағы режиссер Эмир Байғазиннің 2013 жылғы "Асланның сабақтары" фильмі қазақ киносына жаңа тыныс әкелді... Оның бұл фильмі украиналық режиссер Мирослав Слабошпитскийдің "Тайпа" туындысын еске салады", - деп жазған Calvertjournal.

Әділхан Ержанов

Нью-Йоркте білім алған 33 жастағы Әділхан Ержанов Қазақстанда алғаш болып "Қазы-Көрпеш және Баян-Сұлу" мультхикаясын түсірген. Режиссер "Қожайындар" атты фильмімен Канн кинофестиваліне қатысқан. «Қожайындар» фильмі - Әділхан Ержановтың үшінші туындысы. Алдыңғы екеуі - «Риэлтор» (2011) және «Құрылысшылар» (2013).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/970405-sheteldik-basylym-qazaq-kinosynda-zhum/