RU

Өз сұлулығы үшін тірі ұлуларды құрбан еткен Жорабаева жұртты шошындырды (фото, видео)

Әнші Алтынай Жорабаева әжімін кетіру үшін бетіне тірі ұлуларды қойып, сол сәтті суретке түсіріп алған. Жорабаеваның қорқынышты бейнесін көрген жанкүйерлер әншіге бірден лап қойды.

"Фууу дегенді қояйықшы қыздар! Керісінше жақсы дүние екеніне көзім жетті. Өткенде алғаш салғанымда, әркім неше түрлі сөздер жазып кеткеннен соң алып тастадым. Ал қазір нəтижесіне таң қалудамын", - дейді сынның астында қалған Алтынай.

Әртістің айтуынша, қазіргі таңда бетті ылғалдандыратын, əжімді баяулататын, безеуден тазартатын, бір сөзбен айтқанда бет терісін жақсартатын кремдердің көбісінің құрамында ұлудың шырышы болады. Ал табиғи ұлу шырышы тіпті керемет.

Ал суреттен әбден шошып қалған тыңдармандар Жорабаеваның ақшасын кайда жұмсайтынын білмей жатқанын айтып сөгуде. Ал енді біреулер өнер иесінің жиіркенішті суретті салмай-ақ қойғанын қалаған.

Жазылушыларына  шошымай, тыныш ұйқы тілеген Жорабаева ұлумен елжіреп түскен видеосын да жеке микроблогына жүктеп қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/974152-altynay-zhorabaeva-oz-sululyghy-ushin-ti/