RU

Танымал әнші тұңғыш президент күнінде төртінші сәбиін босанды

1 желтоқсан, тұңғыш президент күні танымал өнер жұлдыздары – Мирас пен Құралайдың отбасында көптен күткен төртінші сәби дүниеге келді.

Өнерде де, өмірде де қазақстандық отбасыларға үлгі болып жүрген жандар еліміздің демографиясын көтеру әр азаматтың парызы деп есептейді.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сияқты еліміздің өркендеуіне, өсуіне қызмет ететін азаматтар мен азаматшаларымыз көбейе берсін», - деп тілейді жұлдызды жұп.

Мирас Бекжанов бұл қуанышын Instagram парақшасындағы тыңдармандарымен бөлісті.

«Сүйінші! Біздің үйде қуаныш! Құралайым бүгін төртінші сәбиді дүниеге әкелді, төрт баланың ата-анасы болып жатырмыз!», - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/974541-tanymal-anshi-tunhghysh-prezident-kunind/