Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лондонда Бекболат Тілеуханмен кездескен қазақтар жылап қалды (фото)

Опубликовано:

5 желтоқсан күні қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан Ұлыбританияда білім алып жатқан жастармен және Еуропада тұратын қазақтармен кездесу өткізді. Кездесуден соң, танымал тұлғаның отты сөздеріне риза болған көпшілік көз жасына ерік берді.

"Елбасымыз кезінде озық елдерден білім алдырмаққа өндірдей жастарды "Болашақ" бағдарламасымен аттандырып еді. Солармен қауышпаққа, мейрамды бауырларыммен бөліспекке әскерде жүрген баласының артынан сағынып іздеп барған туысы секілді Англияға жол тарттық! Оң тілекте болғайсыздар!", - деп жазған еді Бекболат Тілеухан әлеуметтік желіде бірер күн бұрын.

"Ұлы дала мұраты" атты кеште Бекболат Тілеуханның елдікке, тәуелсіздікті қадірлеуге шақырған сөздеріне, жүректен шыққан толғау-жырларына ерекше тебіренген еуропалық қазақтар көз жасына ерік беріп, танымал тұлғаны ұзақ уақыт құшағынан босатпады.

"Әңгімесін "Мөлдіреген көздеріңнен айналайын" деп бастағанда, елді сағынған көбіміз босаңсып, "Әскерге кеткен бауырын ағасы іздеп келетін бұрындары" деп қалжыңдаған Бекболат ағамның әр сөзін ұйып тыңдап отырмыз. Келгеніңіз қандай жақсы болды, аға!", - деп ойымен бөлісті Жанетта есімді бойжеткен кездесу жайлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/978163-londonda-bekbolat-tileukhanmen-kezde/

pixel