Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас туған ауылында мешіт салмақ

Опубликовано:

Әнші Қайрат Нұртас туған ауылында мешіт салмақ. Бұл туралы «Қазақстан» ұлттық арнасының «Дара жол» бағдарламасына қонаққа келген әртістің досы Ринат Баситов айтып берді.

«Қайрат біреудің бір жақсылығына мың жақсылық жасайтын адам. Келер жылы ауылға мешіт салсам деген ниеті де бар», - деп Ринат Қайраттың алдағы жоспарынан көрерменді хабардар етті.

Бұдан бөлек, Қайрат Нұртас үлкен саясаттан да үміті бар екенін жасырмады. Қайырымдылықпен айналысып, халыққа аянбай еңбек етуге дайын әнші өзінің нағыз "қайраттығын" саясатта да сынап көргісі келетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/978957-qayrat-nurtas-tughan-auylyna-meshit-sal/