Алла Пугачева мен Максим Галкин балаларының суретін көрсетті (фото)
Опубликовано:
Ресейлік жұлдыздар Алла Пугачева мен Максим Галкин егіздерін Филипп Киркоровтің қызының туған күн кешіне алып барды. Осы сәттен соң, Киркоров бүлдіршіндердің суретін әлеуметтік желіде жариялады, деп жазады NUR.KZ Comode.kz-ке сілтеме жасап.
Филипп Киркоров қызының құрметіне орай балаларға арнап ертегі стилінде мереке жасады.
Кішкентай ханшайым Алла-Виктория қонақтарды сәнді балл көйлегімен, басына тиара киіп қарсы алған. Пугачева мен Галкиннің балалары Лиза мен Гарри де осы кеште көңіл көтерді.
Алла-Викторияны құттықтауға атақты жұлдыздар Кристина Орбакайте, Николай Басков, Яна Рудковская, Жасмин, Ани Лорак, Анастасия Стоцкая, Юдашкиндер отбасы, Александр Буйнов және басқа да әртістер келді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/980214-alla-pugacheva-men-maksim-galkin-balal/