Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорған аруы сұрақ-жауап кезінде дәстүр сөзін түсінбеді

Опубликовано:

«Қазақстан аруы-2015» қатысушыларына сұрақ- жауап кезінде Талдықорған аруына дизайнер Ырза Тұрсынзада сұрақ қойды. Оңай сұрақтың мағынасын түсінбеген Айданаға жиналғандардың барлығы көмектесіп жатты деп жазады stan.kz.

Дизайнер Талдықорған аруына «Айдана, айтыңызшы бала кезіңізден үйіңізде қандай дәстүрді жақсы ұстанасыздар? Көп болса қайсысы сізге көбірек ұнайды?»,- деген саұрақ қойды.

Айдана бұл сұраққа ұзақ  ойланды.

«Біздің үйімізде әр жеті сайын шелпек пісіру дәстүрге айналып кеткен», - деп жауап берді Талдықорған аруы.

Айдананың күмілжуін байқаған жұрт дәстүр сөзінің мағынасы мен оған мысалдар келтіріп көмектесті. Ал «Қазақстан аруы-2015» қатысушыларының бірі Әлия Мергенбаева көпшіліктің көзінше ешқандай әдеби кітап оқымағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/983917-taldyqorghan-aruy-suraq-zhauap-kezinde/

pixel