RU

Төреғали Төреәлі Ерке Есмаханды келін қылып алуға ниет білдірді

Жас әнші Төреғали Төрәлі әлеуметтік желіде Ерке Есмаханды келін қылып алғысы келетін ниетін айтып, жұртты тағы бір шулатты. Сымбатты жігіттің бұл қалауы рас-өтірігін біле алмай тыңдармандар дал болуда.

Мен соғып ем, сен маған алло дедің,

Сосын мен де өтірік алло дедім)

Әсем ән, өрнектелген өлең болса

Бас бармақпен береді бағаны елім,

Екі аптада миллион ақша тапса,

Осы қызды келін қып алар едім, - деп жазды Төреғали Ерке Есмахан жайлы.

Қос әнші "Алло" бейнебаянынан соң, жұртшылықтың назарынан тыс қалмайтын болды. Жұлдыздардың әр қимылын бағып отыратын халық енді әртістердің басын бірге қосып та жүр.

Төреғалидың бұл әзіл аралас сөзін әркім әрқалай қабылдағаны анық. Біреулер екі әртістің де отбасылы екенін айтса, біреулер Төреғалидың  Еркеден жасы кіші екенін айтып таласып жатыр. Ал басқалары Төреғалидың Еркені өзге біреуге, туысына алып бергісі келетінін меңзегенін түсіндіруде.

Айта кетейік, Төреғали мен Ерке Есмаханның "Алло" бейнебаяны көпшіліктің көңілінен шыққаны соншалық, екі аптаның ішінде хит туындыны миллионнан астам адам тамашалап үлгерген.

Төреғалидың өзі былтыр үйленгенін еске сала кетсек, әнші Толқын есімді бойжеткенге үйленіп, қалыңдықтың ұзатылуына киген киімі көпшілікті таңғалдырғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/992195-toreghali-toreali-erke-esmakhandy-keli/