RU

Қазақстандық жұлдыздар халықты жаңа жыл мерекесімен құттықтап ән жазды (видео)

Жақында Қазақстан эстрадасының жұлдыздары көрермен назарына Azary&Kleo дуэтімен бірге «Жаңа жылыңмен, Қазақстан» атты бейнебаян ұсынды. Жаңа ән қазақ және орыс тілдерінде жазылған.

Бейнебаянда Серік Ибрагимов, All Davaі тобы, Диана Шарапова, Зарина Омарова, Kental және Azary&Kleo дуэті бірге өнер көрсеткен. Әншілер осы әнімен халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға тырысқан.

«Біз Қазақстан халқын жаңа жыл мерекесімен өзге әртістермен қосылып, құттықтауды мақсат еттік. Әрі ол қолымыздан келгеніне сенімдіміз», - деді әнші Kleo.

Azary&Kleo тобының солисіне сенсек, кей әншілер форматының бөлек екенін сылтауратып, бірге ән салудан бас тартқан. Бірақ, бұл жерде ешқандай да қатып қалған формат жоқ екенін меңзеген әнші негізгі мақсат халықты мейрамымен құттықтау ғана болатынын жеткізді.

Әннің авторы Azary&Kleo тобының әншісі Бажан есімді өнерпаз. Бірге ән шырқаған әртістер халықтың оң бағасын беретініне үміттенеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/995131-qazaqstandyq-zhuldyzdar-khalyqty-zhanha/