jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Славян базары" фестиваліне Қазақстаннан кім қатысатыны белгілі болды

    Ерік Төленов пен Дәурен Абаев
    Фото: Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

    "Славян базары" халықаралық өнер фестиваліне Қазақстан атынан қатысатын әншілер анықталды. Үлкен музыкалық байқауда ел намысын Ерік Төленов пен Алинұр Хамзин қорғайтын болады, деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

    Витебскідегі "Славян базары" XXXI халықаралық өнер фестивалінің "Витебск-2022" эстрада әншілерінің халықаралық байқауында П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінің оқытушысы Ерік Төленов (сахналық есімі Kyle Ruh), ал балалар байқауы аясында Алинұр Хамзин өнер көрсетеді.  Байқау 13-18 шілде аралығында өтеді. Оған 24 елдің өкілі қатысады.

    "Дәстүрлі түрде әншілеріміз жоғары орындарға ие болып, осы беделді фестивальде елімізді абыроймен таныстырып келеді. Әрине осынау толайым табыс артистер мен олардың оқытушылары атқарған ауқымды жұмыстың дәлелі. Отандық вокал мектебі биылғы жылы да жоғары деңгейді көрсететініне сенімдімін", - деді мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

    Қазақстандық әншілер жыл сайын, нақтырақ айтқанда 20 жыл бойы фестивальдің ересектер мен балалар байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болып келе жатқанын атап өту қажет. Мысалы, Димаш Құдайберген-2015 жылы, Әділхан Макин – 2019 жылы, Рухия Байдүкенова – 2021 жылы бас жүлде жеңіп алды. Сонымен қатар әр жылдары Әлішер Кәрімов пен Ернар Сәдірбаев (Amre) жүлдегер атанды.   

    Биыл балалар байқауының қазылар алқасы құрамына халықаралық байқаулардың лауреаты, қазақстандық танымал әнші Әлішер Кәрімов кіріп отыр. Бұған дейін фестивальдің қазылар алқасының құрамында Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Ерлан Көкеев, Толқын Забирова, Батырхан Шөкенов, Қарлығаш Әбдікәрімова, Қарлығаш Әжиева болса, Димаш Құдайберген "Витебск-2021" эстрада әншілерінің халықаралық байқауының қазылар алқасының ең жас мүшесі болды.

    Фестиваль жалауын Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік бірлестігінің әншісі, "Славян базары-2021" байқауының Гран-при иегері, "Дарын" жастар сыйлығының және "Шапағат" медалінің иегері Рухия Байдүкенова көтереді.

    "Славян базары" фестиваліне Қазақстаннан кім қатысатыны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.