jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Гонорарға көлік сұрап отырмын": Ақерке Бүркітбай күйеуі Әли Оқаповтың жаңа бейнебаянына түсетінін айтты

    Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай
    Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай. Фото: Instagram/akerkeburkitbay

    Әнші Ақерке Бүркітбай күйеуі Әли Оқаповтан бейнебаянға түсу туралы ұсыныс түскенін айтты. Әнші гонорарға көлік сұраған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бала күтімімен демалыста болған Ақерке Бүркітбай түсірілім процесін сағынғанын жасырмады. Оның сөзінше, қазіргі таңда жаңа бейнебаян түсіру жұмысы басталған.

    "Біз қазір бейнебаян түсіріп жатырмыз. Оған мені бір жігіт шақырды", - дейді Ақерке Instagram желісіндегі stories-те күйеуін көрсетіп.

    Ол оқырмандары тарапынан күйеуінің бейнебаянына неге басқа қыздар түсетіні туралы сұрақ жиі қойылатынын тілге тиек етіп, бұл жолы өзі түсетінін айтты.

    "Түсіп беріңізші, сізге гонорар төлеймін деді, соған мына көлікті сұрап отырмын гонорарға", - дейді Ақерке.

    "Гонорарға көлік сұрап отырмын": Ақерке Бүркітбай күйеуі Әли Оқаповтың жаңа бейнебаянына түсетінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.