jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Кетчуп пен нан": Димаш Құдайберген желіде қызу талқыланып жатқан әніне қатысты пікір білдірді

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

    Димаш Құдайбергеннің The Story of One Sky атты әнінің үзіндісі TikTok желісін қолданушылар арасында таралып, жастар арасында әзілге айналды. Бұған қатысты әншінің өзі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Димаш Құдайберген әндерінің бірін желіде күлкіге айналдырған отандастарына Instagram парақшасында жазба арнады.

    "Бүгін әлеуметтік желіде жерлестерімнің "Бір аспанның хикаясы" атты әнімді қызу талқылап жатқанын білдім. Егер сені мазақтаса – сенің тірі және қызық екеніңнің айғағы дейді ғой.  Құрметті жерлестер, шығармашылық әзілдеріңізге рахмет. Тіпті күтпеген қалжыңдар болса да, назар аударып жатқандарыңызға рахмет. Ал бүкіл әлемдегі қымбатты жанкүйерлерім - мені әрқашан қорғап жүргендеріңізге, шынайылық пен жақсылықты жақтағандарыңыз үшін үлкен рахмет. Мен үшін сөздеріңіз музыка сияқты", - деп жазды ол.

    Айта кетейік, желіде Ақтауда өткен концертте айтылған әннің үзіндісі тарап, желі қолданушылары әзіл ретінде оның сөзін "кетчуп пен нан" деп бұрмалаған. Бұған өзге қолданушылар да қосылып, "кетші сен бар", "кешір, Дильназ" деген сынды өз нұсқасын жарыса жазған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.