jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Көптен бері көрінбей кеткен отандық әнші сахнаға қайта оралғанын мәлім етті

    Алтынай Төлембетова
    Алтынай Төлембетова. Фото: instagram.com/altynai_tulembetova

    Көпшілікке "Сарын" тобы арқылы танылған Алтынай Төлембетова үлкен сахнаға қайта оралды. Данияр Өтегенмен дуэт айтқан ол енді жеке әнші ретінде бақ сынап көрмек. Бұл туралы әншінің өзі мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Мені тыңдармандар "Сарын" тобы арқылы таныды. Алматыға алғаш келгенімде, 17 жасымда осы топқа кастинг арқылы қабылданған едім. Данияр Өтеген ағамызбен бірге үлкен сахнаға қадам бастым. Ол кісіні өзімннің ұстазым деп есептеймін. Ал біршама уақыт сахнадан алыстап кеткенім рас. Оған тұрмыс құрып, балалы болуым, басқа қалаға көшуім себеп болды. Қазір арада біраз уақыт өтті. Балаларым да өсіп қалды. Өнерді тастаймын деген ой мүлде болмаса да, сахнаға деген сағыныш кетпейді екен. Қазір өнер жолын қайтадан бастап жатқан жайым бар. Осы кезеңде жолдасым ерекше қолдау көрсетіп жатыр", - дейді Алтынай.

    Алтынай Төлембетова белгілі әнші Данияр Өтеген құрған "Сарын" тобынан неліктен бөлек кеткенін түсіндірді.

    "Жеке ән айтуды бала кезімнен армандадым. Бірақ дуэт айтқан да қатты ұнайды. "Сарын" тобында сахнадағы әріптесімді көзбен түсінетінмін. Ән жазуға, концертке, студияға бірге барамыз. Осындай сәттерге де үйреніп қаласың. Топтан кетуіме өзімнің жеке әнші болып қалыптассам деген ойым себеп болды. Данияр Өтегенмен арада ешқандай кикілжің жоқ. Бұрынғыдай жақсы араласамыз, сыйласамыз. Қазір жеке ән айтатын уақытым келді", - деді әнші.

    Алтынай Төлембетова қазір қыз ұзату әндеріне тапсырыс тым көп екенін айтады.

    «Заманауи және дәстүрлі бағытты қатар алып жүремін деп шештім. Бұрынғыдай қымбат клиптер түсіру әзірге ойымда жоқ. Мүмкін, болашақта сапалы бейнебаяным болатын шығар. Дәл қазір әлеуметтік желі үлкен күшке айналды ғой. Сол себепті, клип түсіріп шығындалғым келмейді, әзірге. Ал әндерге келетін болсақ, қазір қыз ұзатуға тапсырыс көп. Осы бағытта екі ән жазып тастадым", - дейді ол.

    Көптен бері көрінбей кеткен отандық әнші сахнаға қайта оралғанын мәлім етті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.