jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Министр Балаева әнші Майра Ілиясоваға Тоқаевтың құттықтауын табыстады (фото, видео)

    Аида Балаева мен Майра Ілиясова
    Аида Балаева Майра Ілиясоваға президенттің құттықтауын табыстап жатыр. Фото: Aida Balayeva/facebook.com

    Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әнші Майра Ілиясоваға президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын табыстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Бүгін халық әртісі, қазақтың жезтаңдай әншісі Майра Ілиясоваға мемлекет басшысының құттықтауын табыстадым.

    Қасым-Жомарт Кемелұлы әншінің ұлттық ән өнерін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, ыстық ықыласын, ілтипатын білдірді.

    Майра Ілиясова – ұлт мәдениетінің өркендеуі жолында тынбай еңбек етіп жүрген, ғұмырлы шығармаларымен халықтың жүрегіне жол тапқан біртуар тұлға.

    Ол тек әнші ғана емес, өнердегі ізін жалғар жастарға жол сілтеген өнеге мектебі. Майра апамыздың тәрбиесін көрген шәкірттер бүгінде елдің сүйікті өнерпаздарына айналды.

    Ұлт өнерінің шынайы жанашыры Майра Ілиясоваға шығармашылық шабыт, зор денсаулық, толайым табыс тілейміз!" - деп жазды Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында.

    Желі қолданушылары әнші 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, ақ тілегін жазып жатыр.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауы
    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауы. Видеодан скрин: instagram.com/mayrailyassova

    Министр Балаева әнші Майра Ілиясоваға Тоқаевтың құттықтауын табыстады (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.