jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Небәрі төрт режиссерді таңдап алған": отандық режиссер Австриядағы спектакльдерді сахналауға шақырту алды

    Еренбақ Тойкенов
    Еренбақ Тойкенов. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

    "Астана Опера" режиссері Еренбақ Тойкенов опера өнері әлеміндегі жетекші халықаралық жобалардың бірі – Австриядағы Вена опералық фестиваліне шақырту алды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Министрліктің мәліметінше, Вена опералық фестивалі 2 шілде-31 тамыз аралығында өтеді.

    Еренбақ Тойкенов Вольфганг Амадей Моцарттың "Барлық әйел осылай жасайды немесе Ғашықтар мектебі" және Джузеппе Вердидің "Травиата" қойылымдарын сахналауға қатысады.

    Вена опера академиясының директоры Хесус Леонның айтуынша, академия дүние жүзінен небәрі төрт режиссерді таңдап алған. Олардың қатарында Еренбақ Тойкенов те бар. Ол әлемдік біртуар опера режиссері Тим Клейдонның ассистенті ретінде шақырылған.

    Еренбақ Тойкенов ортада
    Еренбақ Тойкенов ортада. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Айта кетейік, Еренбақ Тойкенов ұлттық, сондай-ақ әлемдік репертуардағы спектакльдерді қойып келеді. Бұл шақыру – оның 2022 жылы Мәскеуде өткен Nano-Opera халықаралық опера режиссерлері байқауындағы жеңісінің жалғасы.

    Ол кезде Тойкенов әлемнің түпкір-түпкірінен қатысқан 200-ден астам опера режиссерінің арасынан алға суырылып шыққан еді.

    Nano-Opera байқауындағы жеңістің нәтижесінде Тойкенов "Астана Опера" сахнасында Сыдық Мұхамеджановтың "Айсұлу" қазақ ұлттық операсын қою құқығына ие болды. Спектакль жоғары бағаланып, тәуелсіз сарапшылар қойылымды "Жыл операсы" атағына лайық деп таныды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.