jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Алла берген өнеріңді тоқтатпа": Төреғали Төреәлінің әкесі ұлын сахнадан кетпеуге шақырды

    Төреғали Төреәлі
    Төреғали Төреәлі. Фото: instagram.com/toregalitoreali

    Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің әкесі әлеуметтік желідегі парақшасында ұлына өлең жолдарын арнап, оны өнерін тоқтатпауға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Жаңалықты оқып ап, не дерімді?

    Сенбесімді білмедім сенерімді.

    Бірдеңені тоқтатам деп қойыпсың,

    Көп жастар алар еді сенен үлгі.

    Ақылыңды тоқтатсаң жарар ұлым,

    Мен саған беріп келем берерімді.

    Алла берген тоқтатпа өлеңіңді,

    Алла берген тоқтатпа өнеріңді!" - деп жазған Төреәлі Төлепов Instagram-дағы парақшасында.

    Айта кетейік бұған дейін Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі аккаунтында "бәрін тоқтатқанын" жазған еді.

    Кейін әнші тағы да екіұшты жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.