jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ресейде өтетін беделді халықаралық байқауда Қазақстан атынан танымал әнші Amre өнер көрсетеді

    Ернар Садырбаев
    Ернар Садырбаев. Фото: instagram.com/amre_official

    "Интервидение – 2025" байқауында Қазақстан атынан Amre лақап атымен танымал әнші Ернар Садырбаев өнер көрсетеді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Министрліктің мәліметінше, биыл 20 қыркүйекте Ресейде халықаралық музыкалық "Интервидение – 2025" байқауының финалы өтеді.

    Қазақстан атынан бұл байқауға "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Amre лақап атымен танымал әнші Ернар Садырбаев қатысады.

    Ернар Садырбаев – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. Pop, pop-classic, latino және R&B бағыттарында орындайтын әнші халықаралық фестивальдер мен байқаулардың жеңімпазы.

    2018 жылы Ернар Садырбаев Витебск қаласында өткен "Славян базары" фестивалінде бірінші орын иеленген.

    2021 жылы Қазақстанда өткен "Маска" телевизиялық шоуына қатысқан. Шоу барысында Ернар "Бүркіт" бейнесінде өнер көрсетіп, жұрттың ерекше ықыласына бөленген еді.

    Сондай-ақ әнші ресейлік "Голос" жобасына қатысып, шоуда Дима Биланның командасына қосылып, финалға дейін жеткен болатын.

    Ресейде өтетін беделді халықаралық байқауда Қазақстан атынан танымал әнші Amre өнер көрсетеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.