jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Сенбей тұрмын": Мөлдір Мұқанова Қайрат Нұртаспен дуэт болып ән жаздыратынын айтты

    Мөлдір Мұқанова
    Мөлдір Мұқанова. Фото: Instagram/moldir.mt

    Жеке шығармашылығына ден қойған Мөлдір Мұқанова жақында Қайрат Нұртаспен дуэт болып ән жаздыратынын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Өз шығармашылығын қолға алған танымал продюсер Мөлдір Мұқанова Instagram желісіндегі парақшасында әнші Қайрат Нұртаспен дуэт жазатынын жазды.

    "Иә, сенбей тұрмын. Өмірде түрлі рөлдерде болдым: ана, жар, кәсіпкер… Өнерімді бөлісетін шақ туды. Сондықтан сіздердің қолдауларыңыз мен үшін қымбат. Қайрат Нұртас пен Мөлдір Мұқан дуэті қалай болады деп ойлайсыздар", - деп оқырмандарына сұрақ қойды ол.

    Сондай-ақ ол желі қолданушыларынан болашақ әнінің тақырыбы туралы сұрады.

    "Қандай жанрда болсын деп қалайсыздар? Махаббат па? Әлде өмір туралы ма? Жүректен шыққан әнді жүрекпен қабылдаңыздар. Күтесіздер ме", - деді Мөлдір Мұқанова.

    Желідегілер бұған қатысты түрлі пікір жазып жатыр.

    "Мөлдір, негізі дауысыңыз өте нәзік, жағымды, бір әдемі тембрі бар, ерекше. Қайраттың дауысы сияқты. Екеуіңіздің дуэтіңіз от болайын деп тұр. Әндеріңіз маған ұнайды. Алға,тоқтамаңыз", "Сіздің қолыңыздан бәрі келеді. Сәттілік тілеймін", "Хит ән болатынына сенімдіміз", "Қандай дуэт болатынын көрейік", - деп пікір қалдырған олар.

    "Сенбей тұрмын": Мөлдір Мұқанова Қайрат Нұртаспен дуэт болып ән жаздыратынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.