"Біз үшін оңай болмады": Мирас Жүгінісов Алматыдағы концерті кейінге шегерілгенін хабарлады
Опубликовано:
Танымал әнші Мирас Жүгінісов 7 қыркүйекте Алматының Орталық стадионда өтуі керек болған концерті кейінге шегерілгенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әншінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазуынша, оңтүстік астанада жоспарланған үлкен концерті белгілі бір себептерге байланысты кейінге шегерілген.
"Бұл шешімді қабылдау біз үшін оңай болмады. Алайда тыңдармандарымызға ең жоғары деңгейдегі шоу сыйлау – біздің басты мақсатымыз. Сондықтан барлық дайындықты толық әрі сапалы өткізу үшін уақытты қайта қарастыруға мәжбүр болдық.
Бұл жаңалық сіздер үшін күтпеген жағдай болғанын жақсы түсінеміз. Сол себепті әрбір жанкүйерден кешірім сұрай отырып, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", - деп жазды Мирас Жүгінісов.
Сондай-ақ әнші бұған дейін сатып алған барлық билет келесі концерт кезінде жарамды болатынын, концерттің нақты өтетін күні жақын арада қосымша хабарланатынын еске салды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/career/2280576-biz-ushin-ongai-sheshim-bolmady-miras-zhuginisov-almatydagy-kontserti-keiinge-shegerilgenin-habarlady/