jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Балаева "Интервидение" байқауында жеңіліс тапқан Әмреге қолдау білдірді

    Ернар Садырбаев
    Ернар Садырбаев. Фото: t.me/intervision_world

    Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "Интервидение-2025" музыкалық байқауында жеңіліс тапқан Әмре лақап атымен аса танымал отандық әнші Ернар Садырбаевқа қолдау білдірді. Министрлік басшысы Instagram-дағы парақшасында өнер иесіне жазба арнаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін, халықаралық "Интервидение" байқауының нәтижелері белгілі болды. Музыкалық доданың жеңімпазы вьетнамдық Дык Фук атанды. Ол Phù Đổng Thiên Vương атты әнді шырқап, қазылар алқасының 422 балын иеленді.

    Екінші орын қырғызстандық The Nomad Trio-ға бұйырса, үшінші орынға Катар әншісі Дана аль-Мир жайғасты.

    Айта кетейік, конкурстың қаржылай жүлдесі 30 млн рубльді (194,5 млн теңге) құрады.

    Бұл музыкалық додада Қазақстан намысын Әмре лақап атымен көпке танылған әнші Ернар Садырбаев пен сегіз жасар Жасмин Қайратқызы қорғады.

    Нәтижесінде отандастарымыз жалпы есеп бойынша жетінші орынды еншілеп, үздік үштіктен басқа Беларусь, Тәжікстан мен Колумбияға жол беріп қойды.

    Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева байқау аяқталған соң, әлеуметтік желіде жазба жариялап, жеңіліс тапқан қазақстандық әншіге қолдау білдірді.

    " Қадірлі Ернар! Сіз біз үшін әрдайым жеңімпазсыз. Байқауда жоғары деңгейде өнер көрсеттіңіз. Әрине, жеңіс те жеңіліс те қатар жүреді. Бірақ бір байқау барлық өнердің өлшемі емес. Сіздің ерек талантыңызды бәріміз құрмет тұтамыз. Жарқын жеңістер әлі де алда. Сізге тек мықты денсаулық, сарқылмас күш-жігер мен шығармашылық табыс тілеймін", - деп жазды министр.

    Балаева "Интервидение" байқауында жеңіліс тапқан Әмреге қолдау білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.