jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Шапан, домбыра және күрек: Backstreet Boys әншісі Астана туралы әсерін бөлісті (видео)

    Ник Картер ағаш отырғызып жатыр
    Ник Картер ағаш отырғызып жатыр. Видеодан кадр: threads.com/@nickcarter

    Әйгілі Backstreet Boys тобының әншісі Ник Картер әлеуметтік желіде Астанадан алған әсерін бөлісті. Өнер иесі оқырмандарына Қазақстан астанасының тарихын зерттеп, тіпті қалада ағаш отырғызғанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ник Картер Астана туралы жазбасын Threads желісінде жариялаған. Әншінің сөзінше, кеше топ мүшелері үшін аса ерекше күн болған. Музыканттар Астана тарихын зерттеп, Бейбітшілік және келісім саябағында ағаш отырғызған.

    "Астананың тарихын зерттеуге, бұл қаламен танысуға арналған ерекше әрі есте қаларлық күн болды. Мен Бейбітшілік және келісім саябағында ағаш отырғыздым. Бұл жерде әлемнің түкпірінен келген қонақтар Қазақстан халқының бірлігімен өссін деген мақсатта өз мәдениетінің тамырын қалдырады. Махаббат пен ерекше қарым-қатынас символының бір бөлігі бола алғаным үшін алғысым шексіз", - деп жазды Ник Картер.

    Айта кетейік, бүгін, 21 қыркүйекте Астанада әлемге әйгілі Backstreet Boys тобының концерті өтеді.

    Алматыдағы шоудан кейін елордаға келген аңыз әншілерге астаналықтар асқан сыйластық көрсетіп, ұлттық шапан жауып, қазақтың қара домбырасын сыйға тартқан.

    Backstreet Boys концертін асыға күткен елордалықтар таңғы жетіден бастап "Астана Арена" стадионының алдында жиналып жатыр.

    Шапан, домбыра және күрек: Backstreet Boys әншісі Астана туралы әсерін бөлісті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.