jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Silk Way Star жобасының жеңімпазы белгілі болды

    Мишель Джозеф
    Мишель Джозеф. Фото: instagram.com/michelle.jozef

    Silk Way Star алғашқы азиялық музыкалық жобасының финалы Астанада өтті. Ауқымды музыкалық доданың жеңімпазы моңғолиялық Мишель Джозеф болды, деп жобаның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Монголиядан келген Мишель Джозеф халықаралық Silk Way Star байқауының гранд-финалының абсолюттік жеңімпазы атанып, эмоциялар мен қошеметке толы залда үлкен толқыныс тудырды.

    Жеңімпаз жүлдені әйгілі Димаш Құдайбергеннің қолынан алды. Моңғолиялвқ әнші қуанышын жасыра алмай, өзіне қолдау білдірген көпшілікке алғысын жаудырды.

    "Оның жеңісі 12 елдің таланттары мен мәдениеттерін табысты біріктірген жобаның жарқын қорытындысына айналып, жаңа "Жібек жолы" бойындағы достық байланыстарды нығайтты", - делінген хабарламада.

    Оған қоса мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Silk Way Star халықаралық жобасының қатысушыларын құттықтады. Президенттің құттықтауын Ақорда жариялады.

    "Құрметті Silk Way Star қатысушылары! Бүгін беделді халықаралық өнер додасы өз мәресіне жетеді. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Бұл – Азия елдерінің рухани ықпалдастығын нығайтып, халықтарымыздың достығын бекемдей түсетін бірегей бастама.

    Silk Way Star – мәдени дипломатияның айқын көрінісі, ұлттарымыздың салт-дәстүрі мен шығармашылығын паш ететін тамаша жоба. Осындай ауқымды іс-шаралар ынтымағымызды күшейтеді, ортақ құндылықтарымызды жан-жақты дәріптейді. Теңдессіз жобаны табысты жүзеге асыруға мол үлес қосқан China Media Group медиакорпорациясына шынайы ризашылығымды білдіремін.

    Әзербайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Оңтүстік Корея елдерінен келген дарын иелері өте жоғары деңгейде өнер көрсетіп, миллиондаған көрерменнің ыстық ықыласына бөленуде. Баршаңызға алғыс айтамын. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра бересіздер деп сенемін! Сіздерге амандық және сәттілік тілеймін", - деп құттықтады Тоқаев.

    Silk Way Star жобасының жеңімпазы белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.