jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Болливуд Алматыда кино түсіріп жатыр (видео)

    Түсірілім үстіндегі жұмыс
    Түсірілім үстіндегі жұмыс. Фото: 24kz

    Алматыда "Бандра" атты жаңа романтикалық кинокартинаның түсірілім жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Хабар24 арнасы.

    Болливудтық кино — Ajith vinayaka films компаниясының туындысы. Кино қос ғашықтың махаббат хикаясы жайында. Режиссердің айтуынша, фильмнің түсірілім жұмыстарын былтыр қыркүйек айында Үндістан елінде бастаған. Ал жалғасы Қазақстанда түсіріліп жатыр. Картинада танымал болливудтық актерлермен қатар еліміздің азаматтары да ойнайды. Әлем бойынша премьерасы 7 шілдеде шығады.

    "Түсірілім жұмыстары бітуге таяп қалды. Бұл фильмнің бірінші бөлімі ғана. Екінші бөлімін де осы жақта түсіруді жоспарлап отырмыз. Қазақстан туралы көбірек білгім келеді. Әдет-ғұрпын, мәдениетін зерттесем деймін. Бұл жер өте әдемі. Қонақжайлығыңыз үшін алғыс білдіремін", - деді фильмнің режиссері Арун Гопи.

    Болливуд Алматыда кино түсіріп жатыр (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.