jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Юрий Шатуновқа шұғыл түрде ота жасалды

    : Instagram

    Танымал ресейлік әнші Юрий Шатуновқа Мәскеу ауруханаларының бірінде шұғыл түрде ота жасалынды. 90 жылдың хит әндерін орындаушы кезекті концертінің алдында өзін жайсыз сезініп, оны жедел жәрдем алып кеткен келген деп жазады "Комсомольская правда" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Фото: kp.ru
    Фото: kp.ru: Instagram

    Юрий Шатунов гастрольдік сапары кезінде тісі қатты ауырып жүргенін айтқан. Анықталғандай, шоу-бизнес жұлдызына суық тиіп, уақытылы емделмегендіктен сырқаты ушығып кеткен.

    Новосибирск қаласындағы ән кешінің алдында әнші дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болады. Алайда, ол тісінің ауырғаны басылмағанына қарамастан, тыңдармандары үшін концерттерін жалғастыра берген.

    Нәтижесінде, Мәскеуге келген сәтінде 45 жастағы әртістің жағдайы одан бетер ушығып, ол ауруханадан бір-ақ шығады. Дәрігерлер тексеріс жүргізген соң, Шатуновты шұғыл отаға дайындай бастаған.

    "Юрийді ауруханаға екінші шілде күні жатқызды. Ауруханада рентген жасалып, оның сол жақ гаймор қойнауында ісу үрдісі жүріп жатқанын анықталды. Бейсенбі таңғы уақытқа ота белгіленді. Операция сәтті өтті. Ота жалпы наркозбен жасалды. Ол есін жиып, асын ішті. Юрий өзін жақсы сезінуде" , - Шатуновтың директоры Аркадий Кудряшов.

    Оның сөзінше, әнші ауруханада әлі бір апта бойы жатады. Одан кейін ол басқа емханаға ауысып, ісуге себепкер болған тісті жұлдыратып болады.

    "Келесі тур 10 қазан күні басталады. Юрийдің осы күз бен келесі жылға дейінгі уақытқа арналған концерттік кестесі дайын тұр. Ал әзірге денсаулығын қалыпқа келтірумен айналысамыз" , - деді әншінің директоры.

    Юрий Шатуновқа шұғыл түрде ота жасалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.