jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Келін" сериалындағы Кальянидің рөлін ойнаған актриса өмірден өтті

    Сурекха Сикри
    Фото: twitter.com/ANI

    Үндістандық кино және театр әртісі Сурекха Сикри 16 шілде күні 75 жасында дүниеден озды. Жергілікті The Indian Express басылымының хабарлауынша, актрисаның жүрегі тоқтап қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Келін" сериалындағы Кальяни Деви рөлімен көпшілікке танымал актриса ұзақ уақыт ауырған.

    Үндістандық басылым актрисаның 2018 жылы түсірілім кезінде инсульт алып, құлап, басынан ауыр соққы алғаны туралы жазады. Ал 2020 жылы Сурекха Сикри қайта инсульт алып, өмірінің соңына дейін дертінен толық айыға алмаған.

    Айта кетейік, Сурекха Сикри 1945 жылы 19 сәуірде Нью-Делиде туған. Ұлттық драма мектебін тәмамдаған. Алғаш экранға 1978 жылы шықты. Ондаған фильм мен сериалдарға түскен.

    Сурекха Сикри Үндістан ұлттық киносыйлығының үш дүркін лауреаты болған.

    Атап айтқанда, актриса "Тамас" (1988), "Маммо" (1995) "Бадхаай Хо" (2018) фильмдеріндегі рөлдері үшін марапатталған. Актрисаға бұл сыйлық ең үздік әйел рөлін сомдағаны үшін берілген.

    2008 жылы Сурекха Сикри "Келін" сериалындағы ең үздік әйел рөлі үшін Indian Telly марапатына лайық деп танылды.

    2009 жылы актрисаның күйеуі өмірден өткен-ді. Оның бір ұлы бар.

    "Келін" сериалындағы Кальянидің рөлін ойнаған актриса өмірден өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.