jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры өмірден өтті

    Берік Жәменов
    Берік Жәменов. Фото: azh.kz

    21 тамыз күні  Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Жәменов Берік Қилекешұлы кенеттен өмірден өтті, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

    Берік Қилекешұлы Жәменов 1964 жылдың 28 қаңтарында Атырау облысы Құрманғазы ауданында, Приморье ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Гурьев облыстық музыка училищесін аяқтап, еңбек жолын "Нарын" фольклорлық ансамбілінде әртіс болып бастаған. 1992-2000 жылдары облыстық филармония директорының орынбасары, 2000-2002 жылдары "Мұнайшылар" мәдениет сарайы директорының орынбасары, 2006 жылдан Махамбет атындағы қазақ драма театырының директоры қызметін атқарды. 

    Өмірлік серігі, белгілі өнерпаз Шарипа Жәменова екеуі екі перзент тәрбиелеп өсірді. Еліміздің дамуына сіңірген еңбегі үшін "Тәуелсіздіккке 20 жыл" медалімен марапатталып, "Сахнагер -2018" ұлттық театр сыйлығының "Үздік менеджер" номинациясын иеленді, "Құрмет" орденінің, Махамбет сыйлығының лауреаты атанды.

    Марқұммен қоштасу рәсімі 23 тамызда сағат 9.00-де Махамбет атындағы драма театрда өтеді. 

    KAZ.NUR.KZ редакциясы марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтады.

    Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры өмірден өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.