jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Актер әрі әнші Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды

    Вахтанг Кикабидзе
    Вахтанг Кикабидзе. Фото: instagram.com/vkikabidze

    Әнші әрі актер Вахтанг Кикабидзе 84 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Sputnik сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Әншінің о дүниелік болғанын оның продюсері де растады.

    Кикабидзе көпшілік көрерменге "Мимино" фильмі арқылы танылды. Оның әндерінен бөлек, жиырмаға жуық кинокартинасы бар.

    Вахтанг Кикабидзе 1938 жылы Грузияда өмірге келген. 1963 жылы шет тілдері институтын тәмамдаған.

    2021 жылы Кикабидзенің әйелі, Грузияның еңбек сіңірген әртісі, прима-балерина Ирина Кебадзе дүние салды. Олар елу жыл бойы қол ұстасып өткен.

    Әнші өмірінің соңғы жылдарында Грузиядағы ірі оппозициялық партияның мүшесі болды.

    Вахтанг Кикабидзе мидың қатерлі ісігіне де шалдыққан.

    Актер әрі әнші Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.