jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Ауызға ие болу керек екен": Белгілі актер Жанболат Найзабеков аяғын сындырып алды (фото)

    Жанболат Найзабеков
    Жанболат Найзабеков. Фото: "Қызықты weekend" бағдарламасы

    "Өнер қырандары" театрының актері Жанболат Найзабеков аяғын сындырып алды. Ол алдағы он күн бойы үйден шықпайтынын айтып, алдын ала келісіп қойған той иелерінен кешірім сұрады.

    Өнер иесі оқыс оқиға туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

    "Адам "ертең ана жаққа барамын, мына жаққа барамын" деп жоспар құрады. Бірақ Алланың саған құрған жоспары басқа екен, оқыс, аяқасты деген осы екен-ау... Аяқ сынады деп кім ойлаған, ойламаған жерден осылай болып қалды. Жоспарлар быт-шыт болды, енді екі апта осылай жатамын!

    Жалпы ауызға ие болу керек екен, "он күн үйден шықпай, демалып жатсам ғой" деп едім, "міне, саған" деді ғой. Алып қойған тойларымнан, келісіп қойған түсірілімдерімнен, кездесулерімнен кешірім сұраймын, әдейі емес! Алла қаласа, бәрі жақсы болады. Дұғада болыңыздар", - деп жазды ол.

    Көпшілік актерге тезірек жазылып кетуін тіледі.

    "Алла шипасын берсін", "Иә, жақсы сөйлеу керек екен, менің де көзім жетті", "Аяқтан тік тұрып кетіңіз", "10 күн жақсылап демалып алыңыз", - деді жұрт.

    "Ауызға ие болу керек екен": Белгілі актер Жанболат Найзабеков аяғын сындырып алды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.