jitsu gif
Шоубиз

    "Оған уақытым жоқ": Әнші Тұрар Ыдырыс "қайтыс болғаны" туралы ақпаратқа пікір білдірді

    Тұрар Ыдырыс
    Тұрар Ыдырыс. Фото: instagram.com/turar__ydyrys

    Желіде жастар арасында аса танымал әнші Тұрар Ыдырыстың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Өнер иесі бұл жаңалықтарды бірден жоққа шығарып, оны жариялағандарға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Тұрар Ыдырыстың "қайтыс болғаны" туралы ақпарат Tik-Tok желісінде тарап кеткен.

    "Тұрар Ыдырыстан айырылып қалдық. Әнші Тұрар 27 жасында қайтыс болды. Иманды болсын, жаны жәннатта болсын", - делінген жазбада.

    Өнер иесі бұл жазбаны көрген бойда оның астына пікір қалдырды.

    "Мен 96 жылғымын ғой. Жалған ақпарат" , - деп әзілдеп жазды Тұрар.

    Бұл жаңалықтан кейін әншінің тыңдармандары бірден оны сұрақ астына алды. Шоу-бизнес жұлдызы бүгінде үлкен гастрольдік турнеде жүргенін айтып, жалған жаңалықтарға уақыты жоқ екенін жеткізді.

    "Оған уақытым болмай жатыр. 1 күннен кейін Өскеменде концерт", - деп қысқаша жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

    Tik-Tok пен Instagram желісінен скриншот
    Tik-Tok пен Instagram желісінен скриншот.: Tik-tok/rd08/Instagram/turar__ydyrys

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.