jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Танымал виолончелист Болат Тыныбеков өмірден өтті

    Болат Тыныбеков
    Болат Тыныбеков. Фото: "Bolashaq" қауымдастығы

    Танымал қазақстандық виолончелист Болат Тыныбеков дүниеден озды. Суық хабарды оның туысы әлеуметтік желіде жариялады. Музыкант 38 жаста еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Өнер иесінің әпкесі Instagram-дағы парақшасында бауырының өмірден өткенін мәлімдеді.

    "Менің ағам, белгілі виолончелист Болат Тыныбеков қайтыс болды. Соңғы кездері бір-бірімізді сирек көрсек те, оның талантына тәнті болатынмын, барынша қолдауға тырыстым", - деп жазды стористе туысы Айжан Түгелбаева.

    Болат Тыныбеков
    Болат Тыныбеков. Скрин: instagram.com/aizhan_tugelbayeva

    Bolashaq қауымдастығы Болат Тыныбековтың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына ортақтасып көңіл айтты.

    Қауымдастықтың Instagram-дағы ақпаратына сәйкес, Болат Тыныбеков – қазақстандық виолончелист және вокалист, Корольдік музыка колледжінің түлегі.

    Танымал виолончелист Болат Тыныбеков өмірден өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.