jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ерекше биімен желіні жарған отандық жұлдыздар кімдер? (видео)

    : UGC

    Қазақ эстрадасы өкілдерінің той-томалақта жиі жүреті жаңалық емес. Сондықтан да олардың қызықты видеолары желіге жиі жүктеліп тұрады. Айырықша биімен жұрт көзіне ілігіп, қызу талқыға түскен жұлдыздар кімдер? NUR.KZ порталы елді шулатқан өнер иелерінің тізімін жасады.

    Меруерт Түсіпбаева - Абай Бегейдің "Ностальгия" атты жаңа әнінің тұсаукесерінде аяғын көтеріп, секіре билеген Меруерт Түсіпбаеваның биі желіде қызуға талқыға түскен еді.
    Саят Исембаев - Елге "Рэкетир" фильмі арқылы танылған актер Саят Исембаевтың тойдағы биі желідегі пабликтерге таралып кеткен болатын. Актердің бұл биі желі қолданушыларының көңілін көтеріп тастады.
    Мейрамбек Беспаев - Дүркіретіп туған күнін тойлаған Мейрамбек Беспаевтың кезекті биі ғаламторда таралып кеткен болатын.
    Тоқтар Серіков – Мейрамбек Беспаевпен ән салып тұрып, арқасы қозған әнші биге баса жөнелген.
    Жанар Айжанова - Өмірқұл Айниязовтың 40 жас мерейтойында жалаңаяқ үнді биін билеген Жанар Айжанова желідегілерді тәнті етті.
    Ермахан Ибрагимов - Сейфуллин Жолбарыстың әніне жан-тәнімен билеген олимпиада чемпионының видеосы да хитке айналды.
    Қайрат Нұртас – өзіндік стильді биімен ерекшеленетін әншінің биі де ондықтың құрамында.
    Кенжебек Жанәбілов – Жанар Айжанованың туған күнінде Мақпал Жүнісовамен ортаны жарған әншінің биі де қызу талқыға түсті.
    Гүлзира Айдарбекова - Құда-құдағиларымен бірге үнді биін билеген Қайрат Нұртастың анасы желіні жарды.
    Алтынай Жорабаева - «Despacito» деп әндетіп жүріп, мың бұралған әншінің биін де көпшілік өзіне тым жарасымды деп бағалады.

    Ерекше биімен желіні жарған отандық жұлдыздар кімдер? (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.