jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Тойда өзін "ұстай алмай" билеп кеткен Алтынай Жорабаева елден сөз естіді (видео)

    : Twitter

    Отандық шоу-бизнестегі жарық жұлдыздардың бірі Алтынай Жорабаева желіде қызу талқыға қалды. Тойда бидің түбін түсірген өнер иесі көпшілікке жақпай қалса керек. Алайда, әншінің биіне тәнті болғандар да жоқ емес деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

    Алтынай Жорабаева тойшыл қауымның ортасында билеген видеосын Instagram парақшасына жүктеп қойған.

    Эстрада жұлдызы бишілер билеп жатса да, өзін ұстай алмай олармен қосыла билегенін айтты.

    "Негізі ортада бишілер билеп жатыр. Мен, сол өзімді ұстай алмай" , - деген жазба қалдырды әнші видео астына.

    Шоу-бизнес өкілінің бұл әрекеті желідегілер арасында қызу пікірталас тудырды.

    Бірі өнер иесінің биіне тамсанса, енді бірі керісінше оны аяусыз сынаған. Олар көпбалалы ананың қылығын аса ерсі санап, оған ақыл-кеңесін де беріп өткен.

    "Керемет, не деген пластика" , "Биі өзіне жарасымды, ешбір ерсілікті көріп тұрғаным жоқ" , "Арықтау керек сізге, үлкен көрінесіз" , "Не деген керемет би, жарасып-ақ тұр" , "Алтынай сізге көңілді жүрген жарасады" , "Қылығыңыз ұнамсыз" , "Ерсі екен мынадай әрекет" , "Салмақты болған көбірек жарасады, не дегенмен қыздарыңыз өсіп келеді ғой , - деп жазған көпшілік.

    Айта кету керек, бұған дейін Алтынай Жорабаева "қара жұмаға" қатысты азуыл жазба жариялаған болатын.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Тойда өзін "ұстай алмай" билеп кеткен Алтынай Жорабаева елден сөз естіді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.