jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Шаш үлгісін өзгерткен Төреғали Төреәлі желіде қызу талқыға түсті (фото)

    : Instagram

    Әнші Төреғали Төреәлі жаңа жылда жаңа шаш үлгісімен жүруді жөн көрсе керек, өнер иесі образына өзгеріс енгізген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Instagram/toregali. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: Instagram/toregali. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Төреғали жаңа шаш үлгісін Instagram парақшасында көрсетті. Әнші желіде сұлулық салонынан сурет жариялап, өз шаштаразына алғысын айтты.

    "Кейде сахна сыртындағы кейбір жандарға алғыс айта алмай қалып жататынымыз рас. Шаштараз. Шаш + Тараз деген сөздердің бірігуінен пайда болған деседі. Шаш дегеніңіз — кәдімгі шаш. Ал “тараз” парсы тілінен енген “тарош” сөзі қазақшаланып тараш, сосын таразға айналыпты. “Қыру, қашау” деген мағына білдіреді екен. Ұстарасын ұстаған шаштараздарға мың алғыс! Қолдарыңыз дерт көрмесін!" , - деп жазды өнер иесі.

    Өнер иесінің жаңарған шаш үлгісі көптің көңілінен шыққан көрінеді. Пікір білдірушілердің басым көпшілігі әншінге жылы лебізін білдірген.

    "Жарасып тұр, керемет" , "Мына шаш үлгісі сізді екі-үш жасқа жасартып та жібергендей" , "Өте жарасады" , "Кермет шаш үлгісі, менде жасатқым келіп тұр" , "ТТТ-ға бәрі жарасымды ғой" , - деп жазуда желідегілер.

    Айта кетейік, бұған дейін Өмірқұл Айниязовтың 15 жылда алғаш рет шаш үлгісін өзгерткенін жазған болатынбыз.

    Оған қоса, желіде Абай Бегейің жас кезіндегі шаш үлгісі қызу талқыға түскен.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Шаш үлгісін өзгерткен Төреғали Төреәлі желіде қызу талқыға түсті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.