jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Ұрысып көрмеппіз": Фариза Төреәлі жеңгесі туралы бар шындықты айтты

    Фариза Төреәлі жеңгесі Толқынмен
    Фото: Instagram/fariza_toreali

    Отандық шоу-бизнес жұлдызы Төреғали Төреәлінің қарындасы жеңгесі екеуінің қарым-қатынасы қандай екенін айтып берді. Фариза Төреәлі ағасының жарымен жиі сырласатынын жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фариза Төреәлі қыз ұзатуы мен тойы дүркіреп өткен соң, барша жақындарына алғысын жаудырып жатыр. Бұл тұрғыда ол өзінің жалғыз жеңгесін де елеп өтуді ұмытпаған.

    Қалыңдық ағасының әйеліне Instagram желісінде жүрекжарды жазба арнап, оған көрсеткен қолдауы мен берген ақыл-кеңестері үшін рахметін айтқан.

    Оған қоса, ол екеуінің өзара арақатынасы туралы бар шындықты ашты.

    "Өзімнің ең сүйікті жеңгеме рахмет айтамын. Менің өмірімдегі ең маңызды сәтте осыншама көмектесіп, қолдау жасағаны үшін алғысым шексіз. Екеуміз әрдайым бір-бірімізге сырымызды айтып, түсінеміз. Мен де жеңгемді барынша қолдауға тырысам, жеңгем сияқты емес әпкемдей көремін.
    Екеуміз ешқашан ұрысып көрмеппіз, Аллахым ағам екеулеріңіздің махаббаттарыңызды баянды етсе екен деймін! Шыны керек дәл осындай түсінігі мол жеңгем барына шүкір етемін, мақтанамын да! Қатты жақсы көремін сізді. Сыйлықтарыңыз үшін бөлек рахмет" , - деп ағынан жарылды Фариза Төреәлі.

    Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлі өзінің 19 жастағы қарындасы Фаризаны ұзатты. Бойжеткеннің таңдауы спортшы Дархан Нортаевқа түскен. Қос ғашық карантинде некелерін қидыртқанымен, кеш болса да үлкен тойын тамыз айында өткізуді ұйғарған.

    "Ұрысып көрмеппіз": Фариза Төреәлі жеңгесі туралы бар шындықты айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.