Қарттар күнінде концерттік бағдарламасы бар автобус елорда көшелерін аралады
Жарияланған күні:

Қарттар күніне арналған автобуста елордалық ардагерлер кеңесі, Нұр-Сұлтан әкімдігі және филармония әртістері музыкалық құттықтаулар ұйымдастырды. Концерттік бағдарламамен шығармашылық топ Нұр-Сұлтанның сегіз тұрғын ауданын аралады деп жазады KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Бұл біз үшін өте маңызды күн, өйткені жас ұрпақ үлкендерді ұмытпауы керек. Біз барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, шағын топта өнер көрсетеміз. Нұрбол Балапанов, Әкімхан Мәженов, Естай Мұқашев, Диана Маева, Айдын Жұмабаев тұрғындарға арнап әндер орындауда. Біздің филармония жыл сайын қарттар күніне арналған концерттерге қатысады, бірақ біз бұл форматта бірінші рет өнер көрсетудеміз. Шара қала тұрғындарының көңілінен шықты» , – деді Нұр-Сұлтан әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының солисі Айдын Жұмабаев.
Ардагерлер кеңесінде атап өткендей, қалада қарттар күніне арналған шаралар ай бойы өткізіліп тұрады.

«Айлық шаралар 15 қыркүйекте басталды: Абай даңғылы бойындағы Жазушылар аллеясында флешмоб өтті. Содан кейін зейнеткерлерге шахматтан турнир ұйымдастырылды, қаланың төрт ауданында жарыстар өткізілді, финалдық жарыс 9-11 қазан аралығында өтеді. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігімен бірге біздің еріктілердің қолдауымен қаланың бірнеше нүктесінде бірден 300-ге жуық жеміс ағаштарының көшеттері отырғызылды.

Ал 25 қыркүйекте «Үлкенге тағзым» акциясы басталды. Оның аясында барлық ардагерлерге, жалғызбасты қарттарға қала әкімі мен ардагерлер кеңесінің төрағасы атынан құттықтау жазылған азық-түлік пакеттері, сыйлықтар таратылуда», – деді қалалық ардагерлер кеңесінің кеңесшісі Салтанат Меңлібаева.

Сондай-ақ ол іс-шаралар барысында барлық санитарлық нормалар сақталатынын атап өтті.



Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/1877451-karttar-kninde-koncerttik-bagdarlamasy-bar-avtobus-elorda-kselerin-aralady/