jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Ажырасқан соң әбіржіп кеткен": Айдарқұловтың суреті желіде қызу талқыға қалды

    Дәурен Айдарқұлов
    Фото: Instagram/daurenaidarkulov

    Қазақстандық танымал актер Дәурен Айдарқұлов желіде өз оқырмандарының сынына ұшырады. Оған өнер иесінің жариялаған суреттері себеп болған. Көпшілік ажырасып кеткен соң, әзілкештің өзіне қарамай кеткенін айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Дәурен Айдарқұловтың жаңа фотоларындағы образы елге жақпай қалған. Олар бірден Instagram желісінде актерді қызу талқылап, оған жағымсыз пікірлер жаудырған.

    Көпшіліктің ойынша, әзілкеш екінші мәрте ажырасып кеткен соң, өзінің келбетіне қарауды мүлдем қойған. Оқырмандар оны әлі де күйзелісте жүр деп есептейді.

    "Ажырасқан соң әбіржіп кеткен" , "Көше кезбелері секілді" , "Дәурен сізге не болған?" , "Сымбатты Дәурен қайда кеткен? Түріңізге не болып кеткен?" , "Мына жерде Дәурен емес, Даурон болып қалыпсың" , "Түріңіз әбіржіп кетіпті. Сізге қарайласатын келіншек керек. Үйленіңіз тезірек" , "Түріңізге не болған" , "Түрінай, азып кетіпсіз" , - деп жазуда халық.

    Алайда, пікір білдірушілер арасында өнер иесін жақтап шыққандар да бар. Оларға Айдарқұловтың образы қатты ұнаған.

    "Керемет, нағыз ер азаматтың стилі" , "Жарасаып тұр" , "Дәурен елдің сөзін тыңдамаңыз. Образ мықты, бастысы жүректегі иманды жоғалтпаңыз" , "Нағыз ер азамат осылай көріну керек" , "Түрікке ұқсап қалыпсыз" , "Маған бұл кейпіңіз ұнады" , "Ерекше образ екен, көңілімнен шықты" , - деп жазуда оқырмандар.

    "Ажырасқан соң әбіржіп кеткен": Айдарқұловтың суреті желіде қызу талқыға қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.