jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Жайдарманшы Қабдол шаңырақ көтерді (фото)

    Қабдол жарымен
    Фото: Instagram/ aktobe_zello_

    Отандық танымал әзілкеш әрі беташаршы Қабдол Тілеков енді бойдақтар қатарында емес. Өнер иесі өз теңін тауып, шаңырақ көтерген. Әлеуметтік желілерде дүбірлі тойдың суреттері тарап кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Белгілі әзілкештің үйленгені туралы оның достарының парақшаларынан белгілі болды. Олар Қабдолдың қуанышына ортақтасып, үйлену той кезіндегі фотолармен бөліскен. Анықталғандай, дүбірлі шара Орал қаласында өткен.

    Беташаршының таңдауы Әйгерім есімді аруға түскен. Қабдолдың жүрегін жаулаған ару туралы әзірге ешқандай ақпарат жоқ.

    Алайда, жайдарманшының өзі өміріндегі жаңалығын желіде әлі жария еткен жоқ. Ол Instagram парақшасына ештеңе жүктемеген.

    Оған қарамастан, хабардар болған желі қолданушылары әзілкешті жарыса құттықтап, оған бақыт тіледі.

    "Бақытты болсын, шаңырағың берік болсын”, “Салиқалы, сыйлы отбасы болыңдар”, “Неге өзі хабарламады, әлде хайп па?”, “Қабдол үйленгенде келіннің бетін кім ашты екен?”, “Жастар бақытты болсын, басқа не дейміз”, “Үйленгені жақсы емес пе? Бойдақ болғаны кімге керек?”, “Өз теңін тапса болды”, “Қай уакытта қызбен кездесіп үлгерді ,ана қаладан мына қалаға ұшып қонып жүріп” , – деп жазды олар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.