jitsu gif
Шоубиз

    Танымал шоумен Нұржан Аташ шаңырақ көтерді (видео)

    Нұржан Аташ әйелімен
    Фото: Instagram/nurzhan_atash

    Отандық танымал тележүргізуші Нұржан Аташ отбасын құрды. Шоумен оңтүстік астананың төрінде дүркіретіп той жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әлеуметтік желілерде тележүргізушінің үйлену тойының видеолары тарап кеткен. Нұржан Аташтың қуанышына барған Мақпал Жүнісова да Instagram парақшасында мерекелік шараның бейнежазбаларымен бөліскен.

    Шоуменнің тойына келген жұлдызды қонақтар арасында Ернар Айдар мен Нұрсұлтан Есжан болды.

    Белгілі болғандай, Нұржан Аташтың таңдауы Алтынай есімді аруға түскен. Желі қолданушылары шоуменнің келіншегін әнші Мөөлдір Әуелбековаға қатты ұқсатқан.

    "Мөлдір Әуелбековадан аумайды екен", "Мөлдір Әуелбековаға ұқсайды", "Мөлдір екен деп қалдық", - деп пікір білдірді олар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.